Атыраулық оқушы мұз үстінде мәнерлеп сырғанап жүр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 10-сынып оқушысы мұз үстінде мәнерлеп сырғанап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Нұралы Бектеміровтің мұз үстінде мәнерлеп сырғанағаны туралы видео жариялаған еді.

Ол Құрманғазы ауданының орталығындағы Абай атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды.

«Нұралы – кәсіби спортшы емес. Қазір Абай орта мектебінің 10-сыныбында оқиды. Видеоны менің ұлым Әди түсірді. Олар осы роликті түсіру үшін 40 шақырым жердегі теңізге барған. Нұралы конькиді сыйға алғаннан бері мәнерлеп сырғанап жүр» -дейді ағасы Жандос Бектеміров.

Оның айтуынша, ауылдың балалары қысқы мезгілде Шарон өзеніне сырғанауға барады.

Бұл – балалар үшін дене шынықтырудың бір түрі.

«Мәнерлеп сырғанауға бет бұрғаныма үш-төрт жыл болды. Содан бері шеберлігімді шыңдап келемін. Мәнерлеп сырғанау қиын емес», - дейді Нұралы Бектеміров.


Соңғы жаңалықтар