+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Атыраулық оқушылар соңғы қоңырауда Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды

2020 жылғы 22 мамыр 23:12
Бөлісіңіз:
Атыраулық оқушылар соңғы қоңырауда Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық оқушылар соңғы қоңырауда биыл туғанына 85 жыл толатын дауылпаз ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Бұдан бір ай бұрын елімізде көрнекті ақын, Қазақстан әнұранының авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай #Jumeken85 өлең эстафетасы басталған болатын. Жыр сәлемдемесін өткізу - «ATYRAÝ» телеарнасының бастамасы. Басты мақсат ақиық ақынның шығармашылығын дәріптеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Атырауда басталған жыр шашуын Қазақстанның әр қиырындағы мектеп оқушылары, одан әрі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орнының басшылары мен зиялы қауым жалғастарды. Әлеуметтік желіде қызу қолдау тапқан мәдени-көпшілік іс-шараға қатысқандардың арасында өнер зерттеушісі Илья Жақанов, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Светқали Нұржан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да бар.

Жалпыхалықтық сипат алған өлең эстафетасының қорытындысы ретінде Атырау облысындағы барлық мектеп оқушылары Жұмекен ақынның жырларын соңғы қоңырауда оқиды.

«Волонтер жылы аясында бұл іс-шараны мектеп оқушылары ерікті түрде өткізеді. Облыстық білім басқармасына өлең оқу жөнінде ұсыныс жасады. Оқушылар мен ата-аналарды қолдауға шақырамыз», - дейді идея авторы, белгілі тележурналист, «ATYRAÝ» телеарнасының директоры Әуесбайдың Қанаты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Білім, Өнер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT