Атыраулықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында атыраулықтар жоғары марапаттарға, ордендер мен медальдарға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды мерекемен құттықтап, бұл күннің елдің тәуелсіздік тарихында айрықша маңызға ие екенін айтты.

«Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманына қол жеткізді. Біздің буын жаңа Қазақстанның дүниеге келу, қалыптасу кезеңінде өмір сүріп, дамуына белсенді үлес қосу бақытына ие болды. Бізге халқымыздың бостандық пен туған жерді гүлдендіру туралы армандарын іске асыру мәртебесі мен жауапкершілігі жүктелді»,- деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында барлық қазақстандықтардың қолдауымен қиындықтарды бірге жеңіп, жоғары нәтижелерге жеткенімізді атап өтті.

«Қазір сол қиын да жауапты күндердің өтеуіндей табысқа жетіп отырмыз. Қазір өмірдің барлық сынақтарын жеңуге күш-қайратымыз жететінін сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғамды дамыту, орталық, жергілікті атқарушы органдардың мәселелерін шешуге халықты тарту туралы алға қойған міндеттерін, тапсырмаларын табысты орындайтынымызға сенемін. Азаматтардың бірде-бір ұсыныс-пікірі ескерусіз қалмайды. Баршаңызға елдің игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіремін. Саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім мен бірлік дамуымызға негіз боларына сенемін, - деп атап өтті ол.

Салтанатты шара барысында Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан түрлі сала өкілдері Президент Жарлығымен мемлекеттік марапаттар алды. Облыс әкімі «Парасат» орденін, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарын, алғыс хаттарды ондаған атыраулық азаматқа табыс етті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан бизнес өкілдерін, құрылысшыларды марапаттады. Өңір басшысы Арыста көп жұмыс атқарылғанын, қала тұрғындарының барлық қазақстандықтарға ризашылығын атап өтті. Ортақ іске Атырау облысы да белсенді қатысты, бұл халқымыздың қиын сәттерде бірлік пен ынт
Соңғы жаңалықтар