Атыраулықтар үшін 7 жылы аялдама салынып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау қаласында жеті жылы аялдама пайдалануға беріледі, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТКШ бөлімінің хабарлауынша, жабық аялдамалар жылдың әр маусымына бейімделген. Олар қыста жылытылып, жазда салқындатылады.

Вандализм фактілерін болдырмау үшін әр павильонда бейнекамералар орнатылып, олар арқылы аялдамалардағы жағдайды полиция бөлімі қадағалап отырады.

«Бұзақылық пен вандализм жағдайында тәртіп бұзушыларға әкімшілік шара қолданылады», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Айта кету керек, «жылы» аялдамалар қаланың жеті жерінде салынады, олар ашылуға дайындалып жатыр. Аялдамаларда автобустарды күткен жолаушылар ұялы телефондарын да қуаттай алады.

Соңғы жаңалықтар