Атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының аумағында 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 19 шілде сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров мәлімдеді.

- Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылады. Алайда, азаматтардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруына және кері қайтуына тыйым салынбайды. Тек бұл жағдайда олардың жұмыс орнынан берілген анықтама немесе қызметтік куәлігі өздерімен бірге болуы керек. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмекті тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, төтенше жағдай туындаған кезде медициналық мекемелерге баруға рұқсат етіледі, - деді Сүлеймен Әубәкіров.

Айта кетейік, тұрғындардың қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар