Ауа райы: Еліміздегі 9 облыстың аумағында жел күшейіп, бұршақ-жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтөбе қаласында найзағай ойнап, күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, нөсер кезінде желдің екпіні 16 м/с жетеді.

8 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде солтүтіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Оралда найзағай ойнап, солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.

8 тамызда Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

8 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Таңертең және күндіз желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

8 тамызда күндіз Қызылорда қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

8 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

8-9 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа аусады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 8 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында 8 тамызда күндіз найзағай ойнап, жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Сол күні Жезқазған қаласында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

8 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күші жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Қостанай қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді.

8 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

8 тамызда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.



Соңғы жаңалықтар