+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ауа райы: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды

2021 жылғы 26 ақпан 17:54
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Қазақстанның 7 облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы күндері қар жауып, күн суытады 17 сәуір күнгі ауа райы болжамы Қазақстанда қайтадан аяз түседі

27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда қаласында 27 ақпанда тұман күтіледі.

27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Қостанай қаласында күндіз 27 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Күндіз 27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді.

27 ақпанда Қарағандыоблысындакей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ға жетеді. 27 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі.

27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

27 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяубұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе қаласында 27 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT