USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды

2022 жылғы 15 қаңтар 00:20
Бөлісіңіз:
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды Еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, көктайғақ болады Қазақстанның екі облысында ауа райына ескерту жарияланды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 14 қаңтар күні жергілікті сағат Казталов-Жәнібек (0- 158 км , Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – қатты боран.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға осы бағытта алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.

«Бұрқасын мен көктайғақ көлік құралын басқаруды қиындатып, соның салдарынан жолдарда апат болу ықтималдылығы артады. Сондықтан БҚО ТЖ департаменті жүргізушілер мен жолаушыларға жол ережесін бұзбай, жылдамдықты арттырмай, қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше ұзақ сапарға шықпай, үйде болу керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын, облыстық Тасқала-Аққурай-РФ шекарасы және Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстанда боранға байланысты Саратов бағытындағы жол жабылды . Кейін ауа райының жақсаруына байланысты бұл жол ашылды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT