Аудан әкімдері де жергілікті әкімдер сайлауына кандидат ұсына алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аудандық деңгейдегі қала мен кенттің, ауылдар мен ауылдық окргутердің сайлауына аудан әкімдері де кандидат ұсынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына енгізілетін өзгертулер мен түзетулерды талқылау барысында осындай мәлімет айтты.

«Мен назарларыңызды мынаған аударғым келеді. Аудандық маңыздағы қалалардың, кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қазіргі таңда жанама сайлау жолымен тағайындалады. Яғни, оларды аудан әкімі ұсынып, мәслихаттар сайлайды. Ал бүгін таныстырылып отырған заң жобасы бойынша аталған лауазымды тұлғалар халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Бұл сайлаудың парадигмасын айтарлықтай өзгертеді», - деген Мәжіліс өкілі жаңа өзгеріс аудан әкімдерінің үміткер ұсыну құқығын толықтай шектемейтінін ескертті.

«Бұл жерде тағы ескеретін дүние, аталған деңгейдегі әкімдердің лауазымына үміткерлерді аудан әкімі ұсыну жүйесі сақталады. Бірақ бұл мүмкіндік лауазымды орынға ешкім өзін-өзі ұсынбай қалса және саяси партиялар ешбір кандидат ұсынбаса ғана қолданылады. Мұны резервтік нұсқа деуге де болады», - деді комитет төрағасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасында саяси партиялардың Мәжіліс сайлауына тіркеуден өту шегін 5 пайызға түсіру көзделген.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын таныстырды



Соңғы жаңалықтар