Әуе компаниялары Камбоджадағы лайнердің жолаушыларын қабылдаудан бас тартып отыр

None
None
ПНОМПЕНЬ. ҚазАқпарат – The Westerdam салтанатты круиз кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері Камбоджада қиын жағдайда қалды. Өйткені барлық әуекомпаниялары оларды бортқа қабылдаудан бас тартты. Бұған дейін Азиядағы бес порт бұл кемені коронавирустан қауіптеніп кіргізуден бас тартқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Малайзия жолаушылардың бірінде вирустың бар-жоғын анықтайтын тест оң нәтиже көрсеткенін мәлімдегеннен соң осындай жағдай орын алды. Әйел адам Сиануквиль портының оңтүстік-батысында The Westerdam кемесінен түсіп қалғаннан кейін жұма күні Малайзияға ұшып кетті.

Жапония, Тайвань, Филиппин, Гуама және Таиланд порттары кемені кіргізуден бас тартқандықтан Камбоджа үкіметі лайнерді бейсенбі күні байлап қоюға рұқсат етті.

Қазіргі күні 2257 жолаушы мен экипаж мүшелерінің 1000-ға жуығы Камбоджадан кетті. Олардың 1255-і кемеден жұма күні таңертең шығып кетті.

Дереккөздің мәліметі бойынша, Камбоджа мен құрамында АҚШ бар мүдделі тараптар, коммерциялық әуекомпанияларына жүгініп, кемедегі жолаушыларды елден әкетуді өтінген. Олар түрлі бағыттағы чартерлік рейстерді жалдауға тырысқан, бірақ сәтсіз болды.

Дүйсенбі күні елдің премьер-министрі Хун Сен өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды.

«500 шетел турисі тексерістен өтіп, ешқайсысында COVID-19 вирусының белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта олар уақытша Пномпендегі «Соха» қонақүйіне орналастырылды. Егер мемлекет азаматтарына қамқорлық танытпаса, Камбоджа оларға деген жауапкершілікті мойнына алады, себебі олар біздің елімізде - қауіпсіз жерде», - деді премьер-министр.

The Westerdam Сиануквилде тоқтап, байланған сәтте Хун Сен жолаушылар мен топты жылы қарсы алып, оларға гүл мен шарф сыйлады.

Бортында 1455 турист пен 802 экипаж мүшесі болған кеме 1 ақпан күні Гонконгтан сапарға аттанған. Лайнер Шығыс Азияның бірқатар елдеріне барып, 14 күндік саяхатты Йокогамада аяқтайды деп жоспарланған болатын.

Кемені қабылдамас бұрын елдің денсаулық сақтау органдары ауырып қалған 20 жолаушыны тексеріп, талдау жасады. Тесттің нәтижелері теріс нәтиже көрсетті.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің бірінің сөзінше, жолаушылар қатарында Малайзияда тест оң нәтиже көрсеткен 83 жастағы әйел адам жоқ.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, Камбоджада қалғандардың барлығы вирустың бар-жоғын анықтайтын талдау тапсыруы керек.


Соңғы жаңалықтар