Ауғанстанда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
Фото: earninginmotion.com
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым Алматы уақытымен 13 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 810 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 5,9. Тереңдігі - 200 км.

Жер сілкінісінің сезілуі бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеген.



Соңғы жаңалықтар