Ауғанстанда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны мыңнан асты
2022 жылғы 23 маусым 12:56

Ауғанстанда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік таратқан хабарламаға сәйкес, табиғат апатынан 1 мыңнан аса адам қаза тапқан. Құтқару жұмыстарна байланыстың үзілуі және жолдың нашарлығы кері әсер етуде. Кейбір дереккөздер зілзаладан бұған қоса 1500 адам түрлі жарақат алғанын жазуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT