Ауғанстанның қарулы әскерилері Өзбекстан аумағына өтіп кеткен

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ауған шекара әскерлерінің қарулы жасақ жауынгерлері Өзбекстан аумағына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның әскери топтың шекараны заңсыз кесіп өткені туралы мәлімдеме жасады.

«2021 жылдың 23 маусымында Ауғанстан шекара әскерлерінің 53 әскери қызметері мен жергілікті жасақ жауынгерлері Шортеп уезі аумағында Өзбекстан аумағына өтті. Қажетті анықтау рәсімдері мен тергеу іс-әрекеттері жүргізілгеннен кейін аталған ауған азаматтары кері қайтарылды. Өзбекстан аумағына заңсыз кіруге шектеу қойылып, шекараны бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қабылданады», – делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынастарын қолдауға, бейтараптықты сақтауға және көрші елдің ішкі ісіне араласпауға шақырды.

«Көрші елдегі жағдайдың ушығуы алаңдаушылық тудырады. Коронавирус пандемиясының жаңа толқыны жағдайында шиеленістің күшеюі ауған халқының өмірін қиындатады. Жанжалға тартылған барлық тарапты күш қолданудан бас тартуға және бейбіт тұрғындарға зардап тигізбеуге шақырамыз», – делінген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар