Ауруханалар онкологиялық препараттармен қамтамасыз етілді - Бағдат Қожахметов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде онкологиялық тегін препараттармен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында коронавирус індетінің таралуы кезеңінде, яғни көктем мен жазғы маусымда онкологиялық тегін препараттармен қамтамасыз ету деңгейіне қатысты сауал қойылды. Себебі жыл басында «СҚ-Фармация» онкологиялық тегін препараттың жетпей қалуына қатысты түсінік берген еді.

Өз кезегінде ресми өкіл қазіргі кезде бұл мәселелер толықтай шешілгенін айтты.

«Қазақстандағы кез келген онкологияға ем-дом жасайтын ауруханаларда дәрі-дәрмек жағынан ешқандай проблема жоқ», - деп нақтылады Бағдат Қожахметов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық коммуникациялар қызметінде Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді.

Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады.


Соңғы жаңалықтар