Australian Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралия ашық чемпионатында ерлер арасында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 141-орында тұрған америкалық Эрнесто Эскобедомен шеберлік байқасады.

Бір қызығы, Э.Эскобедоны іріктеу сайыстарының финалында қазақстандық, әлемнің 180-ракеткасы Михаил Кукушкин жеңген болатын.

М.Кукушкин негізгі турнирде әлемнің 41-ракеткасы, тағы бір америкалық Томми Полмен кездеседі.

«Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет өнер көрсететін, рейтингте 255-сатыдағы Тимофей Скатов өзі сияқты іріктеу сайыстарынан негізгі додаға қосылған әлемнің 117-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбошпен сынға түседі.

Тағы екі қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында чемпионатқа қатысады.

Аустралия ашық біріншілігі 17 қаңтарда басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Диястың өзара кездесетінін, Тимофей Скатовтың алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Сидней турнирінің финалына шығып, Михаил Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды.






Соңғы жаңалықтар