Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін Grampians Trophy турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл жарыста Мельбурнда карантинге байланысты толық оқшауланып, өз қонақүй бөлмелерінен шыға алмаған спортшылар бақ сынайды.

Олардың арасында қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бар.

Мельбурнда 2 ақпанда басталатын аталмыш додаға қатысушылар тізіміне сондай-ақ канадалық Бьянка Андрееску, швейцариялық Белинда Бенчич, Беларусь өкілі Виктория Азаренко, грекиялық Мария Саккари және басқа танымал теннисшілер есімі енгізілген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия чемпионатындағы карантинде бәрі де қатаң екендігін, Зарина Диястың осы біріншілікті асыға күтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі өз орнын сақтап қалды.





Соңғы жаңалықтар