Ауыл әкімдіктерінің қызметшілері де «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдануда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілер «Дипломмен ауылға» бағдарламасын пайдаланып жатыр, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ҚР Президенті мемлекеттік қызметшілердің «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға мүмкіндік беретін заңнамаға өзгерістер енгізді.

Бұл дегеніміз ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, орман шаруашылығы саласында қызмет етуге ниеттенген азаматтар қатарына мемлекеттік қызметшілердің де енгендігін білдіреді.

Ақтөбелік мемлекеттік қызметшілердің арасында алғашқы болып, аталған жобаны қолдануға шешім қабылдағандардың бірі – жас маман Азамат Әкімбай.

Әйтеке би ауданының Комсомол ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман лауазымында қызмет атқарып жатқан Азамат Әкімбайдың айтуынша, бұл жоба жас мамандардың кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік береді.

Жақында отбасылы болған жас маман ауылға келіп, бағдарлама аясында көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие алу арқылы тұрғын үйге қол жеткізген.


Соңғы жаңалықтар