«Ауыл» партиясы мен Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумында «Ауыл» партиясы мен Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің азаматтарды азық-түлік бағасының құбылмалылығы қатты алаңдатады. Әсіресе, ауылдағы гендерлік жұмыссыздық мәселесі өткір. Ауыл шаруашылығындағы жалдамалы жұмысшылардың жалақысы барлық салалардың ең төменгі деңгейінде қалып отыр», - деген партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясының жартысын әйелдер құрайтынын айтып өтті.

Оның сөзінше «Ауыл» партиясы ауыл халқының ғана мәселесін көтереді деген пайым қате.

«Біздің мақсатымыз партияның атауында тұр - Халықтық-демократиялық патриоттық партия. Біз қазақстандық патриотизмге негізделген демократиялық көзқарастарға жету үшін күресетін жалпыұлттық партиямыз. Бүгін «Ауыл» партиясы мен Қазақстан әйелдер аграрлық одағы арасында меморандумға қол қойылады. Бұл меморандум елді мекендерді жандандырып, саяси, тұрақты, экономикалық тұрғыдан мықты және әлеуметтік тұрғыда әділетті Қазақстанды құруға қызмет ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Төлеутай Рахымбеков.

Өз кезегінде Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің басшысы Майра Айсина меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілгенін, өйткені қос тараптың мақсаттары мен міндеттері бір-бірімен сәйкес келетіндігін атап өтті.

«Әйелдердің аграрлық одағы жоқ жерден пайда болған жоқ. Облыстық және республикалық форумдардың белсенді делегаттарының қолдауының арқасында біздің барлығымыз ауыл әйелдерінің әлеуетін біріктіру мақсатында ауылды дамыту, ауыл шаруашылығы мәселелерін көтердік. Осылайша Меморандумға қол қою туралы келісім жасалды», - деді Майра Айсина.

Осылайша, Қазақстан ауыл әйелдерінің III форумы кезінде «Ауыл» Халықтық Демократиялық Патриоттық партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізілді. Меморандумға екі партияның өкілдері - Төлеутай Рахымбеков пен Ләззат Асқарова қол қойды.


Соңғы жаңалықтар