«Ауыл» партиясы өз қызметін айтарлықтай өзгертті – Әли Бектаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партия құрылғалы бері қандай жұмыстар атқарылғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің партия барлық жарғылық міндеттерді жүзеге асыруда белсенді жұмыс істейді, олардың ішінде мен келесі мәселелерге тоқталғым келеді: саяси көшбасшыларды көтермелеу және қолдау, әртүрлі органдардың өкілдері арқылы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге қатысу, заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін партия жақында өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлауға кандидаттарды ұсынуға құқылы», - дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Ол қазіргі уақытта саяси партиялардың мүмкіндігі көп екенін айтты.

«Ауыл» партиясының тарихы 20 жылға созылады. Партия қызметіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Кей пікірлер партиямыздың қызметін салғырт бақылау нәтижесінде туған болар. Соңғы бес жылда «Ауыл» партиясы өз қызметін айтарлықтай өзгертті. Орталық және аймақтық аппараттардағы ұжым құрамы айтарлықтай өзгерді, жүздеген іс-шара ұйымдастырылып, партияға жаңа мүшелер қабылданды», - дейді ол.

Партия төрағасының айтуынша, алдағы уақытта Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудың өз ерекшеліктері болады.

«Алғаш рет Парламенттік оппозиция институты енгізіледі. Бірінші рет партия тізіміне әйелдер мен жастарға 30% квота бөлінеді. Мәслихат депутаттары да бірінші рет партиялық тізім бойынша сайланады», - дейді Әли Бектаев.


Соңғы жаңалықтар