«Ауыл» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер куәлік алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияның жұмыс съезі кезінде партиялық тізімге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға салтанатты түрде куәлік табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партияның XVIII съезінде біздің партияның 19 мүшесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысады. Олар партиялық тізімге енгізілді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оларды толығымен тіркеді», - дейді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.


Партия мүшелері Қайрат Айтуғанов, Қарлығаш Аралбекова, Николай Арсутин, Зейін Әліпбек, Нұржігіт Бегалы, Талғат Зейнуллин, Дәулеткерей Карипов, Әйгерім Көкеева, Дәурет Қуатов, Болатбек Қыстау, Кенжеғали Машырықов, Алмас Мұхаммедов, Төлеутай Рахымбеков, Айдар Саттаров, Назимхан Сатыбалды, Қанат Тәшімбеков, Рабиға Тоқсейітова, Бахаргүл Төлеген және тағы басқалары куәлк алды.

Әли Бектаевтың айтуынша, алдыда үлкен сайлауалды міндеттер тұр.

«Сайлауға қатысу бойынша көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүгінгі семинар партиямыз өткізіп жүрген ең жемісті шаралардың бірі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар