Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы сапары барысында субсидиялаудың жаңа тетігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Солнечное кентіндегі «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС қызметімен танысып, оқу орталығын, 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын, серіктестіктің селекциялық жетістіктер көрмесін, кәсіпорын қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үй кешенін аралады.

Сондай-ақ аграршылармен сұхбат барысында өңірде көктемгі дала жұмыстары жоспарланған мерзімде сәтті аяқталғаны, сондай-ақ «Кең Дала» бағдарламасы шеңберінде форвардтық сатып алу және жеңілдікпен кредит беру көлемі ұлғайтылғаны аталып өтілді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесіп субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Шығыс Қазақстан облысында 2022-2024 жылдар кезеңінде АӨК саласында 34 инвестициялық жоба, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған», - деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек, Е.Қарашөкеев, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға ағымдағы жылы 310 млрд теңгеден астам субсидия қарастырылғанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 80 млрд теңге, мал шаруашылығына – 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына – 120,4 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Жалпы, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін агробизнес субъектілерін қаржыландыруға қосымша 298,1 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде саланы субсидиялауға 139 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған.


Соңғы жаңалықтар