+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл облысында жүзеге асырылған пилоттық жобаға баға берді

2021 жылғы 25 ақпан 18:00
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл облысында жүзеге асырылған пилоттық жобаға баға берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында тұрғындардың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелері жоғары бағалануда. ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігі оның жалғасуын қолдауға әзір. Бұл туралы өңірге сапарлап келген ведомство басшысының орынбасары Нұрбек Дайырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түлкібас ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда Сапархан Омаров ауыл тұрғындарына берілетін несие түрлерін атады Құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Ауыл шаруашылығы вице-министрімен бірге облысқа жауапты министрліктердің өкілдерінен құралған делегация келген. Қазір олар жоба бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәітижелерін саралап жүр. Бірнеше ауданда болып, пилоттық жобаға енген ауылдарды көрген. Делегация мүшелерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдады.

«Мен бағдарламаға енген ауылдарда бірнеше рет болдым. Жоба бес бағыт бойынша жүзеге асырылды. Ең басты мақсатымыз орындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 32 пайызға азайып, қатысушылардың орташа табысы 2,5 есе өскен. Нәтижесіз өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 35 процентке азайды. Үй іргесіндегі жерін пайдаланатын тұрғындардың үлесі 95 процентке жетті. Мал басының саны 45 мыңға өсті. 11 кооператив 190 дана ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алды», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Өңірде сондай-ақ, «Алқаптан сөреге дейін» жобасы да сәтті жүзеге асқанын атап өтті аймақ басшысы. Мемлекеттен бөлінген 1 млрд теңге толық игеріліп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуда делдалдардың үлесін азайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өнімді маңдай терін төгіп өсірген шаруалардың табысы артты.

«Биыл біз пилоттық жобаға 20 ауылдық округты енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның нәтижесінде ауылдық тұрғындардың табысын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімін 2,2 есе өсіруді мақсат етудеміз. Бағдарламаның басы жақсы, енді оны аяғына дейін жеткізу керек. Өйтпеген жағдайда халықтың мемлекеттік бағдарламаларға деген сенімі азаяды деп санаймын»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Ауыл шаруалшылығы вице-министрі Нұрбек Даирбеков өңірде атқарылған жұмыстарға әсіресе, қала мен аудандарда ашылып жатқан Әлеуметтік дүкендердің жұмысына жоғары баға берді. Пилоттық жобаны жалғастыруды министрлік қолдайтынын жеткізді.

«Соңғы күндері бірнеше ауылда болдық. Облыста көп жұмыс атқарылғанына көзіміз жетті. Мұндағы әлеуметтік дүкендерде маңызды тауарларды арзан бағамен сатып алуға болатыны қуантты. Егер ол дүкендердің желісі кеңейетін болса, экономикалық эффектісі жоғары болмақ. Пилоттық жобаға келер болсақ, ауылдықтардың оның жалғасуын қажет ететіні көрініп тұр. Салынған жылыжайлар, сүт өңдеу мекемесі және тағы да басқа жобаларға жол ашылғаны құптарлық іс. Біз министрлік тарапынан оны қолдауға дайынбыз»,- деді Нұрбек Дайырбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT