Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 3 пайызға ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ауыл шаруашылығы өнімін шығару 3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Өнім шығару 3 пайызға ұлғайды. 13 өңірде оң серпін байқалып отыр. Ақмола облысы ең жоғарғы өсуді көрсетті. Бұл ретте, төмендеу Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Әсет Ерғалиев.

Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығындағы өсімнің тұрақты қарқыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

«Олар ауыл шаруашылығының өңдеу саласын инвестициялауды ынталандыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне, экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар