USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ауыл шаруашылығындағы «Мал дерек» бағдарламалық өнімі не үшін керек

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:54
Бөлісіңіз:
Ауыл шаруашылығындағы «Мал дерек» бағдарламалық өнімі не үшін керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын жақын арада Парламенттің қарауына енгізіледі. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарайды Сарыағашта қырыққабат егу жұмыстары басталды Сенатор әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды күшейтуді ұсынды

«Мал шаруашылығында ерекше маңызды міндет – ол ауыспалы егістегі мал азығы дақылдарының үлесін көтеріп, тозған жайылымдарды қалпына келтіріп, жаңа жайылымдарды суландыру арқылы мал азығының мөлшерін ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізу арқылы оның берік қорын қалыптастыру болып отыр. Жеке шаруашылықтағы мал басын жайылымдармен қамтамасыз етуді біз оларды кооперациялау және осындай кооперативтерге жер алқаптарын беру әрі оларға мемелекет тарапынан қолдау көрсету арқылы түбегейлі шешпекпіз. Осы орайда «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын әзірледік, және ол жуық арада Парламентке жіберіледі», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, министрлік ветеринария саласының проблемаларын шешудің жолын ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту, мал дәрігерлерінің жалақысын көтеру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратудан көріп отыр. Әсіресе, цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұған қажетті қаражат қарастырылды.

«Қазіргі уақытта мобильдік қосымшасы бар «Мал дерек» бағдарламалық өнімі әзірленуде. Ол ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлық форматқа ауыстыра отырып, мамандарды қағазбастылықтан босатуға және жануарларды есепке алудың бүкіл процесін автоматтандыруға, эпизоотиялық ахуалды және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді. Осы бағдарламалық өнімнің бірінші нұсқасы биылдың соңына дейін әзірленеді және келесі жылы ол пилоттық режимде бір ауданның базасында сынақтан өтеді деп күтілуде. Содан кейін тағы да бір рет пысықталып, бүкіл республика көлемінде қолданысқа енгізілетін болады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.

Саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT