Ауылда коронавирус «анықталды»: Ақтөбе облысында видео авторы ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Бадамша ауылының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам өз үйінің ауласында қорғаныш киімдері мен бетперде киген адамдар балалар алаңында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатқанын көрген. Оны видеоға түсіріп, оны «Бадамша ауылында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталды» деген комментариймен туыстарына таратқан. 34 жастағы ер азамат ұсталып, өз кінәсын толығымен мойындады.

Факті бойынша оны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.

«Ақтөбе облысының Полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушылық мәліметтерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілетіндігін ескертеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 57-бабына сәйкес дүлей апат немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайға жатады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар