Ауылдағы азаматтық белсенділікті дамыту керек - сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өмір деңгейнің төмендігінен ауылдан көшіп жатқан адамдардың саны жыл сайын өсіп жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Х Азаматтық форум барысында «Қатонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорының директоры Серік Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Оның айтуынша, соңғы 18 жылдың ішінде ШҚО Катонқарағай ауданының халық саны екі есеге азайып кеткен. Бұл тренд өзгермесе, жақын 5 жылда 13 ауыл бос қалады.

«Өмір деңгейнің төмендігінен ауылдан көшіп жатқан адамдардың саны жыл сайын өсіп жатқанын білетін шығарсыздар. Мысалы, соңғы 18 жылдың ішінде Катонқарағай ауданының халық саны екі есеге азайып 20 мыңға жетті. Бұл тренд өзгермесе, жақын 5 жылда 13 ауыл бос қалады, 10 жылдан соң аудандағы адам саны 500-ге жетер жетпестей болады. Осындай сценарийдың алдын алу үшін ауданның тұрақты даму стратегиясы жасалып шыққан болатын. Стратегия экономика, әлеуметтік және қоршаған ортаны дамытуды қамтиды. Бұл мен қатысып жүрген ауылдық аймақтарды дамыту қорының жобалары. Экономика саласында Қор туристік кластерді дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр»,- дейді Серік Жүнісов.

Сонымен қатар, ол туризм арқылы ауыл тұрғындарын тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету мақсатында арнайы оқыту, қонақ үйлерді ашуға гранттар беру, туристтік маршруттарды жасап, жаңа туристтік өнімдерді қолдау жұмыстары жүзеге асып жатқанын айтты.

«Бұл шаралар ауданымыздан шыққан кәсіпкерлердің есебінен қаржыландырылады.10 жылдың ішінде туристтік кластер 5700 адамды жұмыспен қамтып, экономиканың нақты секорының 30 пайызын қамтамасыз етеді деген жоспар бар. Әлеуметтік салада Қор Назарбаев интеллектуалды мектептерімен бірлесіп «Powered by NIS ауылдық мектебі» жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту. Қор біздің ауданымыздағы үш мектепті НИШ стандарты бойынша жабдықтап жатыр: Үлкен-Нарын орта мектебі, Ластаев атындағы орта мектебі, Өрел орта мектебі. Мысалы, Ластаева атындағы орта мектебінде жалпы құны 70,5 млн теңгеге 9 сынып пен кітапхана жабдықталды.

Келесі жылы тек қана осы мектепте құны 25 млн 5 сынып жабдықталады. Жалпы әр мектепкке қор 200 млн теңгеден жұмсауға жоспарлап отыр. Назарбаев интеллектуалды мектебі өз тарапынан мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында оқу курстарын өткізіп, әдістемелік қолдау жасап келеді. Жалпы, ауылдағы азаматтық белсенділікті дамыту керек»,- дейді ол.

Спикердің сөзінше, аталмыш жобалар ауылдастарымның ертеңгі күнге деген сенімін нығайып, миграциялық көзқарастарына оң септігін тигізетіні анық.


Соңғы жаңалықтар