Ауылға баратын жас дәрігерлерге көтермелеу жәрдемақысы артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылға баратын жас дәрігерлерге көтермелеу жәрдемақысы артады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина ұйымдарын білікті кадрлық ресурстармен жинақтау үшін біз келесі іс-шараларды көздеп отырмыз. Медцина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру арқылы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе асып түсетін деңгейге жетізу жоспарланған», - деді Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонмен қатар ол ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған жаса мамандарға берілетін көтермелеу жәрдемақы мөлшері 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін арттырылатындығын атап өтті.

«Бұған қоса, біз 2030 жылға дейін медициналық кадрлармен қамтылуды болжау моделін енгізуді көздеп отырмыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар