+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Ауылға тартылған мамандарға үй салуға жыл сайын 22 мың жер телімі беріледі

2020 жылғы 25 қараша 12:44
Бөлісіңіз:
Ауылға тартылған мамандарға үй салуға жыл сайын 22 мың жер телімі беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауылға тартылған мамандарға үй салуға жыл сайын 22 мың жер телімі беріледі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлерге қажет мамандарды тартуға назар аударылады. Оларға үй салу үшін жылына 22 мың жер телімі бөлінеді. Облыс орталықтарында және шағын қалаларда жылына 25 мың жер телімі беріледі. Жалпы алғанда алдағы 5 жылда шамамен 1 млн отбасы үшін 100 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Соның ішінде 300 мыңға жуық пәтерді әлеуметтік тұрғын үй ретінде жеңілдікпен пайдалануға болады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті шөл дала мәселесін, Семей ядролық полигоны, «Байқоңыр» ғарыш айлағы төңірегіндегі экологиялық түйткілдерді шешу жұмыстары жалғасатынын баса айтты.

«Аралдың солтүстік бөлігін қалпына келтіру және Жайық өзені алабының экологиялық жүйесін сауықтыру жөнінде шаралар қабылданады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT