Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындары ет пен сүтті жиі тұтынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бір тұрғыны айына 15 келіден астам азық-түлік тұтынады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы оның алдыңғы жылмен салыстырғанда Қазақстанда көкөністерден (картопты қоспағанда) басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну артқан. Атап айтқанда, ет және ет өнімдері сияқты маңызы бар азық-түлік өнімдері - 6%, нан және жарма өнімдері - 3%, сүт және сүт өнімдері 2,3% көп тұтынылған.

2020 жылы еліміздің 1 тұрғыны айына пайдаланған азық-түліктің орташа көлемі: картоп – 4,2 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,9 кг, сиыр еті – 1,9 кг, шикі сүт - 1,4 л, айран - 1,3 л, жұмыртқа – 16,6 дана, алма - 1,6 кг, құмшекер - 1,5 кг, күріш - 1,3 кг, макарон - 1 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 0,7 кг, қара шай - 0,1 кг құрады.

Қала және ауыл халқын салыстырғанда азық-түлікті тұтынуда айырмашылық бар. Атап айтқанда, қала тұрғындары жұмыртқаны, жемістерді, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін, картоп және көкөністерді көп пайдаланады. Ал ауыл азаматтары нан және нан өнімдерін, қант, бал, шоколад, кондитерлік өнімдерді тұтыну бойынша алда тұр.



Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы қай өңір қандай азық-түлікті көп және аз пайдаланатынын анықтаған:


Бұдан бөлек, халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10% бөлігі халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10% бөлігімен салыстырғанда: балық және теңіз өнімдерін 4,5 есеге, ет және ет өнімдерін, жемістерді 3,4 есеге, сүт және сүт өнімдерін – 3,1 есеге, жұмыртқаны – 3 есеге аз тұтынатыны белгілі болды.




Соңғы жаңалықтар