+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына жаңа номинация қосылды

2021 жылғы 24 ақпан 17:20
Бөлісіңіз:
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына жаңа номинация қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына «Балаларға арналған ең үздік әдеби шығарма» номинациясы қосылады. Бұл туралы «Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның кеңейтілген құрамы белгілі болды Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Өздеріңіз білесіздер, «Ауыл» партиясы төрт жылдан бері «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауын ұйымдастырып келеді. Әр жылдың қорытындысы бойынша үш томдық жинақ жарық көреді. Қазірге дейін 12 томдық жинақ басылып шықты. Биылғы конкурсқа балалар әдебиетін қолдау мақсатында «Балаларға арналған ең үздік әдеби шығарма» арнайы номинациясы қосылып отыр. «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына шығармаларды қабылдау 1 наурыздан басталады. Барлық ақын-жазушыларды осы конкурсқа қатысуға шақырамыз», - деді партия төрағасы ҚР Ұлттық кітапханасында

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы «Мәдениет порталымен» бірігіп, дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» атты ауыл тақырыбына арналған шығармалар байқауын жариялады. Биылғы конкурс мерейлі мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.

Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын auyl.kz сайтындағы «Ауылым – алтын тұғырым» сілтемесі арқылы немесе тікелей madeniportal.kz порталында онлайн жариялай алады.

Конкурсқа шығармаларды қабылдау 1 наурызда басталып, 2021 жылдың 1 қарашасына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылы желтоқсан айында Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның жасөспірімдерге арналған «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы таныстырылды. Кітап «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен жарық көрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT