Ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қараша күні ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Биылғы республикалық біріншілік онлайн форматта өтеді. Жылдың ең маңызды жарысына барлығы 350-ден аса спортшы бақ сынайды.

«Алдағы Қазақстан чемпионатының мақсаты - ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу ғана емес, сонымен қатар балаларға жарыс пен бәсекелестікті сезінуге мүмкіндік беру. Бәсекелестік әр спортшы үшін өте маңызды, сондықтан спорттық шаралар кейінге қалдырылған және тоқтатылған жағдайда ауыр атлетика федерациясы қашықтықтан турнир форматын ұсынды. Мұның біздің спортқа қолайлы болғаны жақсы», - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов.


Соңғы жаңалықтар