Автобус жолағында ресми таксопарк таксилері ғана жүре алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус жолағына шығуға тек қана ресми жұмыс істеп жатқан таксопарк жүргізушілеріне ғана рұқсат беріледі. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің такси жүргізушілеріне автобус жолағына шығуға рұқсат бергені туралы кеше жазған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде бұл тақырып қызу талқыға түсті.

Осыған байланысты қалалық мобильділік басқармасы ресми түсінік берді.

«Бұл шешімді жарияламас бұрын қалалық басқарма полиция, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі, таксопарк диспетчерлерінің қатысуымен арнайы жиын өткен болатын. Бұл жиында құзырлы органдарға көліктің автобус жолағына шығу тәртібі түсіндірілді. Қазіргі таңда әкімдік ресми таксопарктердің реестрін жасап жатыр. Бұл реестр тоқсан сайын жаңарып тұрады. Таксопарк көліктері Жол қозғалысы қауіпсіздігі ақпараттық жүйесі, Сергек, Жолақ жүйелерінің камералар базасына тіркеледі. Сондықтан, автобус жолағымен әкімдік реестріне тіркелген, Қазақстан заңнамасы бойынша жұмыс істеп жатқан ресми таксопарк жүргізушілері ғана жүре алады», - деді қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров.

Әкімдіктің реестріне тіркелу үшін такси парктеріне қандай талаптар қойылатынын мына сілтемеден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар