Автобус жүргізушілері кінәсінен қанша жол апаты болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов автобус жүргізушілері кінәсінен қанша жол апаты болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір елімізде әрбір үшінші автобус (84 703 автобустың 25 823-і) 20 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 87 жол-көлік апаты орын алды, онда 9 адам қаза тауып, 111 адам жарақат алды», - деді Серік Түсіпов министрлікте өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ескі автобустардың басым бөлігі (71% немесе 18 346) жеке тұлғалардың иелігінде кездеседі.

«Олар тұрақты емес маршруттарда жұмыс істейді және көпшілігі қауіпсіздік ережелерін бұза отырып қайта жабдықталған. Жыл сайын полиция қызметкерлері тұрақты емес тасымалдауға пайдаланылған 500-700-ге жуық қайта жабдықталған автобусты анықтайды. Сондықтан техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған көлікті анықтау жұмыстары тұрақты негізде жалғасады», - деп атап өтті Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар