Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғыны Instagram парақшасында күдіктінің суретін де, видеосын да жариялап отыр.

Оның жазуынша, күдікті қоғамдық көлікте қызының жамбасынан сипаған. Қызы одан алысқа барып тұрса да, ол қасына келіп әрекетін тағы қайталаған. Күдіктіні оқушы қыздың анасына шалған видеқоңырауы ғана тоқтатқан.

Қыздың анасы орын алған оқиға жайында полицияға да шағым түсірген. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті осы шағым негізінде күдіктінің ұсталғанын мәлімдеп отыр.

«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Қазіргі уақытта аталған адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар