Автомат, тапанша, мылтық: Таразда бір күнде 52 қару табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі іздестіру жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бүкіл көпқабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексерілуде.

19 қаңтар күні заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәріні іздеу кезінде қала аумағынан 52 қару табылды.

Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 «аңшы мылтығы», 11 «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді.

Тәркіленген қару-жараққа қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Тараз қалалық полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Аноним болып қалатынына кепілдік беріледі.



Соңғы жаңалықтар