Аягөзде балаларға арналған орталықта 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер індет жұқтырған

None
None
АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы Балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Орталық директоры Шолпан Мақашева 2 шілдеде қызметіне кіріскенін хабарлады. Сонымен қатар, ол 28 маусымда мекемеде тәрбиеленушілер арасында 2 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін айтты. Олар орталық сыртына сапарлап келгеннен кейін карантинде жатыр.

«Бірі – ата-анасының жанында демалыста болды, екіншісі – Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығынан келді. Талдау вирус бар екенін анықтағаннан кейін балалар аудандық ауруханаға жіберіліп, жазылып шықты. Қазір орталықтың арнайы оқшауланған бөлмесінде жатыр. Коронавирус анықталған соң орталық жетекшісінің бұйрығымен 2 шілдеден бастап карантин күшейтілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қаржы бөліп, барлық тәрбиеленуші мен қызметкерлер COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды. Талдау нәтижесі 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкердің вирус жұқтырғанын көрсетті», - деп мәлімдеді Ш.Мақашева.

Орталық директорының мәліметі бойынша, қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау комитетімен бірлесіп эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр.

Болжам бойынша, инфекция мекемеге карантинге дейінгі уақытта тараған.

Балалардың барлығын медицина қызметкерлері бақылап, дене қызуын, тыныс алу жиілігін тексеріп отыр.

Қазіргі күні олардың жағдайы – бірқалыпты. Мамандар қалыпты режимде сабақ өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар