Аягөздегі әскери қалашықта 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

None
None
АЯГӨЗ. ҚазАқпарат - Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне «Оңтүстік» әскери қалашығында жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілген. Бұл әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешуге, оларға әскери қызметті атқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Жаңа пәтерлерге толықтай ішкі әрлеу жасалған. Онда электр плитасы, су жылытқыш және киім-кешек шкабы қойылған. Өрт дабылы қосылып, электр энергиясы мен су есептегіш құралы орнатылған. Үй отқа төзімді материалмен қапталған. Аулаға асфальт төселіп, онда балалар ойын алаңы мен жаттықтыру құралдары орнатылған спорт алаңы жабдықталған», делінген хабарламада.

Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынған. Күрделі жөндеу нәтижесінде барлық үй жаңа кейіпке ие болып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қалыпқа енді.


Соңғы жаңалықтар