Аяжан Еділованы зорлап, өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі сотқа түсті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай -ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық есік жағдайында қаралады, өйткені мұнда жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар», - делінген хабарламада.

Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке шешіледі.

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды.

Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды.

Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан.

Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар