Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтинг ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр, үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасқан. Бұл деңгейдегі IBF әлем чемпионы – АҚШ өкілі Калеб Плант.

Еске салайық, 12 қыркүйекте Ербосынұлы Нұр-Сұлтанда гайаналық Леннокс Алленмен іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңді. Осылайша ол екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болып отыр.



Соңғы жаңалықтар