Аймақтар саяси реформалардың алғашқы сынақ алаңына айналады – Александр Данилов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Sailau Talks-2021 шарасында Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Александр Данилов мәслихаттар депутаттары сайлауының нәтижелеріне тоқталып өтті. Оның пікірінше, аймақтар алдағы саяси реформалардың алғашқы сынақ алаңына айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәслихаттар сайлауының қорытындысын көруге асықпын, себебі аймақтар алдағы саяси реформалардың алғашқы сынақ алаңына айналады. Ол жақта аудандық әкімдердің сайлауы өтетінін ұмытпауымыз керек. Шын мәнінде партиялар аймақтарда жылжуға үлкен мүмкіндік алады. Енді сайлаудан кейін не болатынын көруіміз керек. Әдетте Қазақстанда сайлауға дейін кең көлемде үгіт-насихат науқаны жүргізіледі, одан кейін Парламентке өткендері ара-тұра өздерінің бар екенін дәлелдеп қояды. Қалғаны үнсіз қалады», - дейді Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Александр Данилов.

Сондай-ақ, ол репутация институты қалыптасатынын айтты.

«Үгіт-насихат науқанында саяси, қоғамдық талқылаулар әлеуметтік желілерде жүзеге асты. Әлеуметтік желілерде басқару қиын екенін ескерген жөн. Ол жерде қай партия кіммен, қалай жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Болашақта репутация институты жұмыс істейтініне сенгім келеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар