Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әр азаматымыз саясатта, экономикада және әлеуметтік салада тең құқықтарға ие болуы керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ретте «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы басты рөл атқаратындығын қайталап айтқым келеді. Соның арқасында әлеуметтік әріптестік пен жанашырлық дәстүрі нығая түсері сөзсіз. Жұртшылық оң өзгерістерге өз үлесін қосып жатқанын сезінуі тиіс. Біз жаңғырудың түпкі мақсаты әділетті қоғам құру екендігіне әрдайым назар аударуымыз қажет. Әр азаматымыз саясатта, экономикада және әлеуметтік салада тең құқықтарға ие болуы керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екендігін баса айтты

«Осыны ұмытпаған жөн. Бізге нақты іс пен нақты нәтижеге жеткізетін идеология қажет. Осындай айқын ұстаным 21 ғасырда бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуымызға жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар