Азаматтардың жеке мәліметтері кибершабуылдан қалай қорғалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың деректер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық вирусқа қарсы бағдарламалар пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WDC, яғни Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «құмсалғыш» деп аталатын Sandbox санатына жататын кезекті өнімді сынақтан өткізуде. Бұл жаңа зиянды бағдарламаларға (вирустардың) қарсы бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы отандық – tLab өнімі.

tLab-та ең бастысы – мінез-құлық немесе белсенді технология, ол компьютерде белгілі вирусты іздеу емес, пайдаланушылардың компьютеріне дейін жаңа және белгісіз вирустарды анықтауға және бұғаттауға бағытталған.

Аталмыш отандық өнім 2019 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін 12 айдан астам уақыт бойы пилоттық сынақтан өтті. Осы аралықта зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, кибершабуылды анықтаудың жоғары тиімділігін көрсетті. Тестілеу кезеңінде tLab пошта трафигінің файлдарын BCC режимінде Mail Transfer agent арқылы тексерді.

Қазіргі уақытта tLab 513 000 файлды мінез-құлық деңгейінде сәтті талдады.

Пилоттық тестілеу барысында tLab өнімі WDC-ның ішкі IT-инфрақұрылымында «желілік құрт» санатының зиянды бағдарламасын анықтады және жойды.


Соңғы жаңалықтар