Әзербайжанда бір күнде коронавирус жұқтырған 76 адам тіркелді, бір адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың 76 жаңа оқиғасы тіркелді, індеттен бір адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың хабарлауынша, коронавирус жұқтырған 1953 жылғы азаматтың денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар нәтижесін бермеген. Қазір оның отбасы мүшелері, сондай-ақ, ол байланыста болған басқа адамдар анықталуда.

Елде індетке шалдығудың 717 оқиғасы тіркелген, соның ішінде 44 адам жазылып, сегіз адам көз жұмған. Ерекше режимдегі ауруханаларда 665 адам ем қабылдап жатыр. Соның ішінде 23 адамның жағдайы ауыр, 31 адамның жағдайы – орташа ауыр, қалғандары өздерін қалыпты сезінуде.

Ауру жұқтыру фактісін анықтау үшін барлығы 53 300 тест жасалды.

Соңғы жаңалықтар