+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Әзербайжанда қызметкерлерден коронавирус паспорты талап етілмек

2021 жылғы 22 маусым 19:43
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда қызметкерлерден  коронавирус паспорты талап етілмек

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанның Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб «Ерекше карантиндік режимді ұзарту және кейбір шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралар туралы» қаулыға тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды «Stop Covid»: Елорда жастары тұрғындарды вакцина алуға шақырды Шавкат Мирзиёев өзбекстандықтарды белсенді түрде вакцина алуға шақырды

Өзгерістерге сәйкес, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап COVID-паспорттары бар деген талап қойылған еңбек және қызмет көрсету қызметкерлерінің кем дегенде 80%-да COVID-19-дан алғашқы дозада вакцина алуы немесе COVID-19-ға қарсы иммунитет туралы сертификаты, сонымен қатар 2021 жылдың 1 тамызынан бастап COVID паспорты болуы керек.

1 шілдеден бастап Әзербайжанда 150-ден аспайтын адамның қатысуымен той, туған күндер өткізуге болады. Мерекелік іс-шараларды өткізудің негізгі шарты – 18 жастан асқан барлық қонақта COVID-19-паспортының болуы. Қызмет көрсететін персоналдың (музыканттардан басқа) медициналық маскаларды, қолғаптарды және басқа да жеке қорғаныс құралдарын мерекелік рәсімде қолдануы міндетті.

Елдің министрлер кабинетінде атап өткендей, бұл қадамдар соңғы айларда COVID-19 жұқтыру жағдайларының азаюына және жалпы эпидемиологиялық жағдайдың оң жаққа өзгеруіне байланысты. Ведомство вакциналау процесін табысты жүргізу ерекше карантин режимі аясында енгізілген бірқатар шектеулерді алып тастауға қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте Әзербайжанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 28 жағдайы, өлімнің 1 жағдайы анықталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT