
08:30
БАКУ. ҚазАқпарат – Коноравирустың «омикрон» штамы әлемнің көптеген елдерінде таралып жатыр. Әзербайжанда осы штамды жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл туралы Әзербайжан денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаев Жедел штаб брифингінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Министрдің айтуынша, «омикронның» таралу жылдамдығы басқа штамдарға қарағанда өте жоғары, сондықтан ауру жұқтырушылар саны жылдам өтуде. Маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты әрбір азамат сақтауы тиіс.
«Барлығы маска тағып, әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиенаны сақтауы керек. Карантин режимін қатаңдатуға негіз жоқ, жаңдай бақылауда. Барлық қажетті медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмек, жатын орын жеткілікті. Бұған қатысты проблема жоқ. Біздің әрі қарай жоспарымыз жағдайдың қалай өзгеретініне байланысты», - деді Теймур Мусаев.