Әзербайжанда вакцина егуді мобильді бригадалар жүргізеді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайданда мобильді дәрігерлер тобы азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны жұмыс орындарында егеді. Елдің Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару қауымдастығының (TƏBİB) өкілі Айгун Әлиева осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Айгун Әлиеваның айтуынша, мобильді дәрігерлер тобы азаматтардың өтініші бойынша құрылған. Бұл топтардың жұмысы вакцина ектіруді қалайтындардың көптігіне байланысты медициналық мекемелердегі вакцина жасау пунктінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ операциялық штабтың нұсқауы бойынша халықты иммундау процесін жеделдетуге бағытталған. Вакцинаның бұл әдісі хронологиялық тәртіпте өтеді және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жұмыс орындарынан шықпай вакцина ектіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, TƏBİB басшысы Рамин Байрамлы Әзербайжан үкіметінің вакцинация процесін жазға дейін аяқтау жөніндегі жоспары бар екенін айтты. Ол басты мақсат – ел тұрғындарының 80%-ына вакцина егу екенін, 8 миллион адамға вакцина егу үшін 16 миллион доза препарат жеткізуге келісім жасалған.

Сондай-ақ, ол вакцина алғандардың біразы коронавирус жұқтырғанын, бірақ жеңіл түрде ауырғанын растады.

Бұл тұрғыда жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Фаррух Садиров COVID-19-ға қарсы вакцина инфекциядан 100% қорғамағанымен, адамды өлімнен сақтайды деп санайды.

Дәрігердің айтуынша, вакцинаның алғашқы дозасын алған адамдар көбі жеке қорғаныс шарасын қолданбайды. Ол бұлай ету дұрыс еместігін, вакцинаның алғашқы дозасынан кейін ағзаның иммунитеті айтарлықтай төмендейтінін атап өтті. Вакцинаның екінші дозасынан кейін инфекциядан қорғаныс 50-53%-ға жетеді.

«Вакцина тек ауыр дерттер мен өлімнен 100% қорғайды. Вакцина егудегі мақсат – өлім-жітімді, ауруханаға жатқызу және инфекция қаупін азайту», - дейді инфекциялық дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжанда халықты Қытайда шығарылған вакцинамен иммундау жүргізіліп жатыр. SinoVac-пен қатар AstraZeneca, Pfizer және Sputnik V вакциналарын елге жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы, бүгінгі күнге дейін Әзербайжанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау процесімен 88 933 адам қамтылды.


Авторы Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар