Әзербайжандық компаниялар «Ulttyq Onim-2020» көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжандық компаниялар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Ulttyq Onim-2020» ұлттық өнімдер көрмесіне қатысып, өздерінің экспорттық тауарларын ұсынбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әзербайжанның экспорттық өнімдері ұсынылатын «Ultyq Onim-2020» көрмесіне қатысу ниетін Әзербайжанның Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің басқарма төрағасы Орхан Мамедов осы елдегі Қазақстанның елшісі Сержан Әбдікәрімовпен кездесу барысында растады.

Кездесу барысында өкілдер екіжақты тауар айналымының көрсеткішін атап өтті. Осы салада әлеуеті жоғары шағын және орта бизнестің ынтымақтастығын арттыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ бірлесіп қызмет ету жоспары белгіленді.

Сонымен қатар дипломат шетелдік өкілді Қазақстанда 11 әуежайда «ашық аспан» режимінің енгізілгені туралы хабардар етті. Бұл тікелей және транзиттік жолаушылар ағынының өсуіне, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға көмектеседі.

Кездесу соңында тараптар Орхан Мамедовтың биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанға сапары барысында келіскен келісімдердің іске асырылу барысы, Қазақстан мен Әзірбайжан нарықтарында экспорттық өнімдерді арттыру мақсатында нақты іс-шаралар мен бірлескен жобалар туралы әңгіме қозғады.

Соңғы жаңалықтар