+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Әзербайжанның екі қаласына зымыранмен шабуыл жасалды

2020 жылғы 17 қазан 10:35
Бөлісіңіз:
Әзербайжанның екі қаласына зымыранмен шабуыл жасалды

БАКУ. ҚазАқпарат – 16 қазаннан 17-не қараған түні, 01.00 шамасында Әзербайжанның Гянджа және Мингячевир қалаларына ракетамен шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Салдарынан Гянджеде 12 адам мерт болып, 40-тан астам тұрғын жарақат алды. Ондаған үй қиратылды. Болжам бойынша шабуыл СКАД (Р-17) баллистикалық зымырандарымен жасалған.

ӘР президентінің көмекшісі – Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Х. Гаджиевтің мәлімдеуінше, Гянджеге зымырандар Армениядан жіберілген.

Ал Арменияның қарулы күштері бұл шабуылға қатысымыз жоқ деп отыр. Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Ш.Степанян Армения аумағынан немесе Армения қарулы күштері тарапынан Әзербайжанға оқ жаудырылған жоқ деп жазды.

Айта кетейік, Таулы Қарабақ оқиғасы 27 қыркүйекте қайта шиеленісіп кетті. Ауқымы кең әскери қақтығыс жүріп жатыр. Әзербайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланды.

Ресей тарапының бастамасымен Мәскеуде өткен кеңес нәтижесінде Баку мен Ереван тұтқындар мен қаза тапқандардың денесімен алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша 12.00-ден бастап атысты тоқтату туралы келіскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT