+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ажар Ғиният коронавирустан қайтыс болғандар санының арту себебін түсіндірді

2021 жылғы 7 сәуір 19:00
Бөлісіңіз:
Ажар Ғиният коронавирустан қайтыс болғандар санының арту себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы айда коронавируспен ауруханаға түскендер саны 2,5 есеге артып кетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 667 адамнан коронавирус анықталды Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді

«Бүгінгі таңда қайтыс болған адамдар санының өсуі аурушаңдықтың белеу алуына, ауруханаға түсіп жатқан науқастардың артуына байланысты. Өткен аймен салыстырғанның өзінде ауруханаға түскен науқастардың саны 2,5 есеге артып отыр. Өткен айда 4 мыңға жуық адам ем алса, қазір 10,5 мың адам аруханаға түсті. Аурухана түскен адамдардың 600-ден астамы қатаң түрде жансақтау бөлімінде жатыр. Осы қатаң түрде немесе ауруды асқындырып алып, ауруханаға түскен адамдардың көбі үйінде өз бетінше емделген. Дәрігердің емес өзге адамдардың кеңесімен емделгендер де бар», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде мобильдік бригадалар жұмыс істейді.

«Учаскелік дәрігеріңізге хабарласып, мобильдік бригада шақырсаңыз дер кезінде дәрі-дәрмек әкеледі. Тест алып, үйде не ауруханада ем алуыңызды анықтайды. Сондықтан уақыт өткізіп алмауыңызды, өз бетінше емделмеуіңізді сұраймыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT