Азық-түлік белдеуі аясында 41 жоба іске асырылып жатыр – Ақмола облысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде мал шаруашылығы әрі құс шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі туралы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 97 ет және 18 сүт-тауар фермасы құрылып, 9 460 бас жоғары өнімді мал сатып алынды. Сүтті мал шаруашылығын дамыту перспективасы әрқайсысының қуаттылығы кемінде 1 000 бас ірі қара болатын 4 ірі сүтті-тауарлы фермаларды салумен байланысты», - деді әкім Орталоық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, жоспарларды жүзеге асыру ет комбинаттары жүктемесін 80 пайызға дейін, сүт өңдеу кәсіпорындары жүктемесін 70 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл азық-түлік нарығын сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабілетті әлеуметтік маңызы бар өнімдерімен толтыру үшін маңызды.

«Импортты алмастырудың елеулі мүмкіндіктері қуаттылығы жылына 100 мың тонна тауық етін өндіретін жабық циклді Макинск құс фабрикасы құрылысының ауқымды жобасын толық іске асыру кезінде пайда болады», - деді Ермек Маржықпаев.

Елорданың азық-түлік белдеуі аймағында бола отырып, жоба өнімді тұрақты жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Макинск құс фабрикасынан басқа, өңірде азық-түлік белдеуін дамыту аясында 41 жоба іске асырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар